ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстанға 55 елдің азаматы визасыз келіп-кете алады, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Былтыр біз еліміздің 19 стратегиялық әрі инвестициялық әріптесі үшін визасыз режим енгіздік. Осы мемлекеттердің азаматтары екі апта рұқсатсыз жүруге мүмкіндік алды. Енді, келесі жылы қаңтардың 1-нен бастап осы санаттағы мемлекеттердің саны 55-ке дейін артады. Визасыз режим бір жақты сипатта енгізіледі. Ал ондай рұқсаттың мерзімі 30 күнге дейін барады", – деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы және басқа да шаралардың арқасында Қазақстан экономикасына 230 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу