Киік популяциясына қатысты ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселесі қаралуда

659

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті зерттеулерді қаржыландыру мәселесін қарастырып жатыр. 

Киік популяциясына қатысты ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселесі қаралуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

"Техникалық тапсырма әзірлегеннен кейін қажетті қаражат көлемі анықталады. Зоология институты дайындық жұмыстарын бастап кетті. Ақбөкен популяциясы басқарусыз шексіз өсіп, тұрақты өмір сүре алмайды", – деді министр. 

Оған біріншіден, жем-шөп ресурсы шектеулі. Екіншіден, киікке тән әр түрлі аурулар салдарынан жаппай қырылуы мүмкін.

"Киік санының өсуін талдай отырып, 1980 жылдан бастап 11жаппай қырылу жағдайы болғаны анықталды. Демек, орта есеппен әрбір 3,5 жыл сайын киіктер қырылатыны белгілі болды. Бұл кезеңдерде орта есеппен бүкіл популяцияның 34%-ы, жалпы санның 18%-ы қырылған. Тиісті ғылыми зерттеулердің жүргізілмеуінен мұндай өлім-жітімді болжау мүмкін емес, сондықтан киік санының түрлі аурулар мен жемшөп тапшылығынан күрт ауытқу ықтималдығын жоққа шығара алмаймыз. Киікті санын сақтап қалу үшін оларды қорғау шараларын жалғастыру маңызды", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу