Көкшетауда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жаңа пәтердің кілтіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш банктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2 көпқабатты тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған. Бір кіреберістен тұратын тоғыз қабатты жаңа үйлер қаланың Центральный шағын ауданында орналасқан. "Пәтер кілтіне ие болғандардың барлығы банк салымшылары. Бүгін 90 пəтер беріп отырмыз. Жыл соңына дейін бұдан басқа тағы 160 пəтер тапсыру жоспарда бар", - деп мәлім етті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі нің Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу