Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әкеле жатқан үш центнерге жуық насыбайдың жолы кесілді. Оны жолаушылар пойызындағы тамбурдың төбесіне жасырып алып өтпекші болған.
"Бейнеу темір жол бөлімшесінің өткізу пунктінде Бейнеу шекара отрядының кезекшілері "Қоңырат – Бейнеу" бағытындағы пойызды тексеру барысында тамбурдың төбе қуысынан жалпы салмағы 284 келі насыбайды тауып алды. Осыған байланысты вагонның жолсерігі пойыздан түсірілді", – делінген хабарламада.
Бұл туралы Бейнеу аудандық құқыққорғау және өзара әрекеттесетін органдар өкілдеріне хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу