Көпқабатты үйлердің жертөлесінен шығарылуға тиіс отызға жуық қазандық анықталды

2158

Өткен жылы Қарағанды облысында 1 қаңтарда жертөледе орналасқан жылыту қазандығының жарылуы салдарынан 5 қабатты үйдің бір бөлігі құлаған еді. Үйіндінің астында 9 адам қайтыс болды.

Көпқабатты үйлердің жертөлесінен шығарылуға тиіс отызға жуық қазандық анықталды

Қарағанды облысында көпқабатты үйлердің жертөлесінен шығарылуға тиіс отызға жуық қазандық анықталды, деп хабарлайды өңірдің баспасөз қызметі.

"Сіздер білесіздер, көпқабатты үйлердің жертөлелерінен ДЖЖ (дербес жылыту жүйелері) шығару бойынша жоспар үш жылға шақталған. Бірінші кезекте тік орналасқан қазандықтарды шығару керек болды, себебі олар көлденең орналасқан қазандықтарға қарағанда анағұрлым қауіптірек. Сондықтан бірінші кезекке 18 қазандық енгізілді: 17 – Шаханда және 1 – Ақтауда. Ол жұмыстар өткен жылы аяқталды", - дейді Қарағанды облыстық энергетика және ТКШ басқармасы жетекшісінің м.а. Ұлантай Үсенов. 

Саранда қазіргі таңда РТБ зауытының маңында модульдік қазандық орнату жұмыстары аяқталуда, деп мәлімдеді ол. Қалалық бюджеттен бұл мақсатта 20 млн теңге бөлінді. Қазандық көпқабатты жартылай бос тұрған үйдің жертөлесінде тұрған. Саран қаласының әкімдігі оны қалыпқа келтіріп, пәтерлерге толықтай тұрғындарды қоныстандыру шешімін қабылдады. 

"Қазір Шет ауданының Ақадыр кентінде 11 қазандық қалды. Аудандық әкімдік шешімі бойынша жобалық-сметалық құжаттама қабылданып, қазіргі таңда ол мемлекеттік сараптамада. Кентте 5 модульдік қазандық салу ұсынылды, оларға тек 11 үй қосылып қана қоймай, пешпен жылытылатын басқа да үйлер, сондай-ақ әлеуметтік мәдени нысандар да қосылады, - деді Ұлантай Үсенов. – Яғни, кенттің жылыту жүйесі толықтай өзгертіледі. Анағұрлым жақсы және қауіпсіз болады". 
Ұлантай Үсенов Шахандағы орталық қазандықтың тағдыры туралы да тоқтала кетті.  

Еске сала кетсек, өткен жылы Шаханда 1 қаңтарда қайғылы оқиға орын алған болатын. Жертөледе орналасқан жылыту қазандығының жарылуы салдарынан 5 қабатты үйдің бір бөлігі құлаған еді. Үйіндінің астында 9 адам қайтыс болды, оның үшеуі бала. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Осы қайғылы оқиғадан соң билік өкілдері көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі қазандықтарға қатысты мәселелерді шешуге кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу