Қостанайда "Темте" ЖШС 2017 жылдың қазанына қарай құны 262 млн теңге болатын астық тиейтін терминалды іске қосуды көздеп отыр, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".
"Астық қабылдайтын диірмен болады, онда астық қабылданып, кептіріледі. Компания басшысы нысанды ертерек іске қосуды көздеп отыр. Бәлкім, жазда қосылар. Іске қосу мерзімі 2017 жылдың қазаны деп көрсетілген", – деп түсіндірді ведомство.
Астық тиейтін терминалдың сыйымдылығы 8 мың тонна.
"Темте" ЖШС 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу