Қостанайда жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

883

Көз жұмған тергеуші жұмыс бабымен сапарлап бара жатқан.

Қостанайда жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

Қостанай облысында полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды  zakon.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолында Октябрьское ауылына бұрылыста орын алды. Жүк көлігі мен "Audi" жеңіл көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды.

"Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы жол апаты кезінде бір көліктің жолаушысы – Әулиекөл полиция бөлімінің 32 жастағы қызметкері қайтыс болғанын анықтады. Мамандар тексере келе шетелдік көліктің жүргізушісі ауа-райының бұзылуына байланысты рөлді басқара алмай, қарсы беттегі жолға ұшып кеткенін айтты",– делінген хабарламада.

Көз жұмған тергеуші бір іс бойынша сараптама тағайындау үшін Қостанайға бара жатқан екен.

Полицияның мәліметінше, апат кезінде "Audi" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі де зардап шегіп, қатты жарақат алған, сараптама оның ішімдік тұтынбағанын көрсетті. Оның жағдайы ауыр. Жүк көлігінің жүргізушісі аман.

Қазіргі уақытта Қостанай облыстық ішкі қауіпсіздік дирекциясы апатқа қатысты қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу