ҚР Тұңғыш Президенті Кубогі Қорғаныс министрлігінің командасына бұйырды

920

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті Кубогі Қорғаныс министрлігінің командасына бұйырды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кубогі үшін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ең мықты балуандары бақ сынасты. Әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша жалпыкомандалық есепте ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы үздік деп танылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Екінші орынға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының спортшылары ие болса, үшінші орынға ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы және Өзбекстан құрама командасы табан тіреді.

Қоян – қолтық ұрыс бойынша ерлер арасындағы жеке біріншілікте ең үздік деп танылғандар:

55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – Жандос Мадехиянов (ҚР ҚМ);

60 кг дейін – Бауыржан Сұлтанов (ҚР ҰҰ);

65 кг дейін – Шыңғыс Жанғазы (ҚР ҰҚК);

70 кг дейін – Данияр Қойшыбек (Айбын);

75 кг дейін – Айдын Төлепбаев (ҚР ІІМ);

80 кг дейін – Магомед Кабардиев (Ресей);

85 кг дейін – Демей Бексұлтан (ҚР ҰҚК);

90 кг дейін – Мирас Шынтасов (Атырау облысы);

90 келі салмақ дәрежесінен жоғары – Жеңіс Ердәулет;(ІІМ қсқб).

Қоян – қолтық ұрыстан нәзік жандылар арасында:

50 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша –Томирис Жүсіпова (Ақмола облысы);

55 кг дейін – Зинаида Белоусова (ҚР ҚМ);

60 кг дейін – Регина Максимова (ҚР ҚМ);

65 кг дейін – Сора Рахмонова (ҚР ҚМ);

70 кг дейін – Талшын Жұматаева (ҚР ҚМ);

75 кг дейін – Күндиас Сағындықова ("Запад" РгК);

75 кг астам – Умида Садықова (ҚР ҚМ);

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу