Құрылыс сектордағы белсенді кәсіпкерлер саны бір айда 1,5 мыңға азайды

880

Биылғы жылы бірқатар жағдайларға, соның ішінде сыртқы және ел ішіндегі тұрақсыздық салдарынан Қазақстанның құрылыс секторы күрделі қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Құрылыс сектордағы белсенді кәсіпкерлер саны бір айда 1,5 мыңға азайды

Бүгінгі таңда құрылыс процестерінің баяулағаны байқалады. Саладағы мәселелердің ішінде құрылыс материалдарының қымбаттауын, ауа райының қолайсыздығы, ұлттық валютаның құнсыздануын, Қазақстанға әсер ететін жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуын атап өтуге болады. Сондай-ақ заңнамалық жаңашылдықтар мен шектеулер де бар. Мәселен, Алматы қаласының жекелеген аудандарындағы үйлердің қабаттар санына байланысты шектеу енгізілді. 

Соның салдарынан елімізде мемлекеттік инвестиция есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 жағдайда жобалар құнының өсуіне байланысты құрылыс мерзімі шегерілген. Бұл тек мемлекет қатысатын объектілерге қатысты. Әзірге басқа жобалардың тоқтатылуы туралы деректер жоқ, бірақ саладағы жағдай тұрақсыз екені анық.

Құрылыс секторындағы қиындықтар ел экономикасына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың соңында сектордың елдің ЖІӨ-дегі үлесі 5,8%-ға жетті, бұл шикізаттық емес өнеркәсіп үшін маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Оның салдары қазірдің өзінде айқын. Мысалы, биылғы наурыз айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі айтарлықтай төмендеп, 48,3 тармақты құрап, теріс көрсеткішке жетті.

Индекске енгізілген экономика салаларының контекстінде статистиканың ең көп төмендеуі осы құрылыс саласында байқалады. Индекс 47,1 деңгейінде болды, ал өнеркәсіпте – 48,2, қызмет көрсету саласында – 48,4.

Бұл ретте бизнес-климаттың нашарлауы да байқалады, яғни бизнестің ағымдағы және болашақтағы жағдайларын орташа бағалау. Көрсеткіштің ең көп төмендеуі құрылыс секторында (−14,4), қызмет көрсету саласында (−8,1) және өнеркәсіпте (−4,4) да тіркелген.

Бұл жағдайда кәсіпорындар ғана емес, жұмысшылар да зардап шегеді. Жұмыссыздықтың онсыз да жоғары деңгейі жағдайында саладағы процестердің тоқтап қалуына байланысты құрылыс саласының өзі де, оған қатысты барлық сала қызметкерлері де жұмыссыз қалып отыр. Бұл ретте құрылыс секторы жұмыс орындарының негізгі генераторларының бірі болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл салада 641,4 мың адам жұмыс істеді. Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі тек сауда, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларында байқалды. Сонымен қатар құрылыс индустриясымен байланысты көптеген қосымша секторлар бар - құрылыс материалдарын өндірушілерден (өңдеу өнеркәсібі және металлургия) геология, сәулет және басқа салалардағы қызмет (қызмет көрсету).

Жағдай тиімді шешімдерді қажет ететіні анық. Осы жылдың сәуір айының басында Қазақстан құрылысшылар одағы "Еңбек" еңбекшілер саяси партиясын құратынын хабарлады. Жаңа саяси бірлестік Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамыту және қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуды жоспарлап отыр.  Партияның міндеттерінің бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып отырған жаңалықтарды қолдау екенін атап өтті.  "Заңнаманың жетілмегендігі, тиісті құрылыс министрлігінің жоқтығы, кәсіпқойлықтың жоқтығы мен сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі келтіреді деп есептейміз", – деп жазыоған партия хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 21 қаңтарында Президент кәсіпкерлермен кездесуінде еліміздің дамуындағы оң өзгерістер көп жағдайда бизнеске байланысты екенін атап өткен болатын. Тиісінше, мемлекеттік органдар, үкімет және ЖАО бизнеске қолдау көрсету үшін қажеттінің бәрін жасауы керек.

Алайда, қазір, шамасы, керісінше жағдай орын алған. Осылайша, құрылыста жұмыс істеп тұрған белсенді кәсіпорындар санының күрт қысқаруы байқалады. Тек бір айдың ішінде олардың саны 1,6 мыңға азайып, ақпан айының соңына қарай небәрі 14,8 мың компанияны құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу