Құсынан айырылған халыққа өтемақы төлеу үшін 390 млн теңге қарастырылған

672

Құс еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттауы мүмкін бе?  

Құсынан айырылған халыққа өтемақы төлеу үшін 390 млн теңге қарастырылған

Солтүстік Қазақстан облысынан басталған құс тұмауы, енді, іргелес жатқан 5 облысқа да жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

H1N8. Елдің солтүстігінде анықталған құс тұмауының штаммы осындай. Ол адамға жұқпайды. Біздің құстарға оны ресейден ұшып келіп, елде аялдаған жабайы қанаттылар жұқтырған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми мәлімдемесі осындай. Ал ала жаздай баптап, енді пайдасын көреміз деп отырғанда құсы жаппай қырылып қалған тұрғындар не істемек?

Құс тұмауы Павлодар облысына да жетті. Өңірдің екі ауданында құстар жаппай қырылып қалған. Бүгінгі таңда екі мың 315 бас үй құсы тұмаудың құрбаны болды. Алғақшы белгі қыркүйек айының бастында Ақтоғай ауданынан байқалған. Әйтсе де, облыстық зертханаға жіберілген сынамадан құс тұмауы анықталмаған болатын. Кейін Железин мен Тереңкөл аудандарынан құстардың қырылып жатқаны туралы хабар түскен. Зертханаға жіберілген сынамадан құс тұмауы расталды, дейді мамандар.

Дендеп кеткен дерттің алқымнан алатын түрі бар. Бизнесті де, бұқараны да, тура мағынасында. Жан-жақтан қыспаққа алынғалы тұрғаны туралы сала мамандары шулап та жатыр. Оған да себеп жоқ емес, (ОКНО) сарапшылардың пікірінше, теріскейдегі құс фабрикалары тұтас жабылып қалуы мүмкін. Ал мұның салдарының салмағы, тіпті, ауыр: біріншіден, жүздеген адамның тұрмысы нашарлайды, бұл жерде - "жұмыссыз қалатынын" меңзеп тұрмыз. Демек, бюджетке салық түсімі төмендейді. Бұған екінші саусағыңызды бүгіңіз. Үшіншіден, ішкі нарықта тапшылық болуы да ықтимал. Ал мұның кесірі қараша халық үшін оңай тимесі анық. Себебі, экономика заңдылығына сай, жоқшылық қымбатшылыққа ұласады.  Еттің дәмін әрең сезіп жүрген жұрт жұмыртқа жеуден де амалсыз бас тартады. Мұның қаншалықты шындыққа жанасаты жайында жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президентінің өзі айтып берсін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу