Қытай ДСҰ-дағы мүддесін қорғайтын болады

949

Қытай ДСҰ-дағы мүддесін қорғайтын болады

Егер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер Қытайға нарықтық экономикалы ел ретінде емес, суррогат мемлекет ретінде қарауды одан әрі жалғастыра беретін болса Бейжің  өз елінің мүддесін қорғау үшін алдағы уақытта  табанды шаралар қабылдайтын болады. Дәл осындай мәлімдемені "Жэньминь жибао" газетінде ҚХР-дың коммерция министрі Гао Хучэн Қытайдың ДСҰ-ға енгеніне  15-жылдығына  арналған мақаласында жасады, деп хабарлайды Прайм.

11 желтоқсанда Қытайдың ДСҰ-ға енгеніне  15 жыл толды, сондай-ақ Қытайдың ДСҰ-ға енуі туралы хаттатамасының  15-бабының күші  қойылды. Ол сауда ұйымына мүше елдерге тауар бағасының төмендігі нақты нарықты көрсетпейді деген негізбен демпингтік шаралар қабылдауына мүмкіндік беріп келген болатын. Хаттамада бұл баптың мерзімі Қытай ДСҰ-ға енген күннен бастап  15 жылдан соң аяқталады делінген.

"Қытай тарапы  ДСҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді халықаралық құқық нормаларын құрметтеп, қатаң сақтауға, сондай-ақ өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырады. Қытай  өзінің заңды мүдделерін табанды түрде қорғайды және міндеттемелерін  орындамайтын ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге қатысты өз мүддесін қорғау үшін  одан әрі шара қабылдауға құқылы", – делінген мәтінде.

Гао Хучэн 15-баптың қағидаларыны күші 11 желтоқсанда автоматты түрде жойылатынын  тағы да атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу