Қытай Қазақстаннан жеткізілетін құс етіне шектеуді алып тастады

228

Еліміздің бүкіл аумағы жоғары патогенді құс тұмауынан, ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстары аусылдан таза деп танылды. 

Қытай Қазақстаннан жеткізілетін құс етіне шектеуді алып тастады Фото: emeat

Қазақстанның барлық аумағынан құс еті мен ілеспе өнімдерді әкелуге және Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағынан аша тұяқты жануарларға және тиісті өнімдерді әкелуге енгізілген шектеулерді алып тастады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері, Еуропалық одақ елдері, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа елдерге (Түркия, Қытай Халық Республикасы, Жапония және Корея)қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша экспортқа қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді.

Тәжікстанға, Бахрейнге, Катарға, Кувейтке және Оманға жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

"Қытай нарығын ашу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде биылғы жылдың 7 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы жоғары патогенді құс тұмауынан, ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстары аусылдан таза деп танылды.

Осыған байланысты, қытай тарапы Қазақстанның барлық аумағынан құс еті мен ілеспе өнімдерді әкелуге және Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағынан аша тұяқты жануарларға және тиісті өнімдерді әкелуге енгізілген шектеулерді алып тастады", — деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. 

Қытайға терінің, қосалқы өнімдердің экспорттық нарықтарын ашу бойынша жұмыс жалғасуда - бұл бағытта талаптарды келісу және хаттамаларға қол қою бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы жұмысты аяқтауды жоспарланған, бұл қазақстандық зауыттарға қосалқы өнімдер мен терілерді сату мен кейіннен экспорттаудан қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы минимтрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, өңделген өнімнің экспортын дамыту және ілгерілету бойынша шаралар қабылдануда, мысалы:

    - экспорттаушылардың көлік шығыстарының бір бөлігін өтеу,

    - экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету (сауда-экономикалық миссияларға, халықаралық көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге қатысуға, шетелдік сертификаттау мен аккредиттеуден өтуге, сыртқы нарықтардағы тауарларды жарнамалауға жұмсалатын шығындарды өтеу),

    - халықаралық нарықтарға шығу кезінде әлеуетті экспорттаушыларды қолдау және оқыту.

    – агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспортқа жылжыту үшін елшіліктер жанынан жаңа штат бірліктерін (атташелер) құру мәселесі пысықталуда (бірінші кезеңде 6 елде: Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Түркия, Италия - Еуро Одақ елдеріне шығу үшін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу