banner

Қытайда коронавирус жұқтырған науқас дертінен айықты

1347

Оның демі қалпына келіп, ал вирустың нуклеин қышқылдарының реакциясын тексеретін тест нәтижелері теріс болды.

Қытайда коронавирус жұқтырған науқас дертінен айықты

Шанхайда алғаш рет Қытайдың Ухань қаласынан келген әйел коронавирустан емделді. Оның тестерге патогенді реакциясы болған жоқ, денесінің температурасы қалыпты деңгейге дейін төмендеді. Осыған байланысты дәрігерлер оны ауруханадан шығарды, деп хабарлайды РБК ресейлік сайты Қытайдың Sina басылымына сілтеме жасап.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес, 56 жастағы әйел аймақта жаңа коронавирус тудырған пневмонияны растаған алғашқы пациент болды.

Ол Уханьда тұрған, бірақ 10 қаңтарда өзін жайсыз сезініп 12 қаңтар күні Шанхайға келген. Үш күннен кейін ол ауруханаға түсті. Тексеруден кейін, дәрігерлер оның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғанын анықтады.

Алайда емдеу барысында әйелдің денсаулығы жақсарды. Оның демі қалпына келді, ал вирустың нуклеин қышқылдарының реакциясын тексеретін тест нәтижелері теріс болды. Оның жағдайын бағалаған комиссияның сараптамалық тобы ауруханадан шығаруға деген қорытындыға келді.

Қытайда коронавирустан 25 адам қайтыс болғандығы белгілі болды, ал ауырғандар саны 830-ға дейін өсті. Олардың 177-сінің жағдайы ауыр. Алайда ДДҰ Қытайдан коронавирустың шығуына байланысты төтенше жағдай жариялау ертерек деп отыр.

Айта кету керек, 2020 жылдың басынан бастап Алматыдан Қытайдан 512 рейс келді. Бортта 7673 жолаушы болған. Төрт авиакомпания Қытайдан Алматыға тұрақты рейстерді жүзеге асырады , оның екеуі Қытай авиакомпаниясы , екеуі Эйр Астана және SCAT.

Кеше, 24 қаңтарда, Сапаны бақылау және көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі департаменті Алматы әуежайына коронавирустық науқастың келуіне байланысты жаттығулар өткізді. Ал елдің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда эпидемиологтар төтенше жағдайға дайын екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу