Қытайда тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

512

Оның үшеуі – басқа елден келгендерден жұқтырғандар.

Қытайда тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

Бұл туралы Қытайдың CGTN телеарнасы хабарлады. Осылайша осы күнге дейін 82960 қытайлық ауруға шалдыққан. Оның 1707-сі басқа елдерден келгендерден жұқтырғандар. 4645 қытайлық аурудан көз жұмған. Қазір ауру нышандары байқалмайтын 389 кісі дәрігерлердің бақылауында. 108 миллион адам карантинге орналастырылды

Еске сала кетсек, бұған дейін елдің солтүстік-шығысында коронавирус індетінің қайта өршуінен 108 миллион тұрғын карантинге орналастырылды. Карантин сонымен қатар Цзилинь провинциясы мен Шулань қаласында жарияланды. Цзилиньде 34 адам, Шуланьде 3 адам вирус жұқтырғаны анықталды.

Жергілікті South China Morning Post басылымының дерегінше, Шулань 18 мамырда карантинге жабылды. Қаладан басқа жаққа жол жүру, үйден шығу және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды. 

Індеттің қайтадан өршуіне не түрткі болғанын әзірге билік айтпады. Олар вирусты Ресей азаматтары алып келген болуы мүмкін деп топшылап отыр. Өйткені Цзилинь осы елмен шектеседі екен. 

Әлемде науқастардың саны 4,7 миллионнан асып, оның 318 мыңы қайтыс болды. Вирус жұқтыру ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Ресей, Бразилия, Германия. 

Табиғат Нұрболат

Фото: scmp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу