Қытайдағы вирус: Үрімші мен Бейжің бағытындағы бірқатар рейс қысқарады

1389

Air Astana компаниясы осындай шешімге келді. 

Қытайдағы вирус: Үрімші мен Бейжің бағытындағы бірқатар рейс қысқарады

Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтаннан Үрімшіге 6, 11, 18 ақпанға, Алматыдан Үрімшіге 8,16,24 ақпанға, Нұр-Сұлтаннан Бейжіңге 22 ақпанға, Алматыдан Бейжіңге 19, 26 ақпанға белгіленген рейстер қысқарады. 

Ресми дерекке сүйенсек, осы бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға басқа ұшу күнін таңдауға, бағытты тегін өзгертуге мүмкіндік беріледі немесе билеттің ақшасы оларға толықтай қайтарылады. 
Қазір Қытайдан өзге елдерге ұшып жатқан жолаушылар міндетті түрде тепловизор арқылы тексерістен өткізіліп жатыр. Мұндай тексерістер Қазақстанның әуежайларында да жүргізілуде. 

26 қаңтарда ҚР премер-министрі Асқар Мамин Қытай территориясындағы қазақстандықтарға көмек көрсетуге тапсырма беріп, ал мемлекеттік органдарға коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қытайлық әріптестерімен тиісті жұмыс жүргізуге бұйрық берген болатын.

2019 жылдың желтоқсанында Ухань қаласында пневмония кең етек жая бастады. Кейін бұл аурудың себебі коронавирустың жаңа түрі екенін анықталды. Соңғы мәлімет бойынша, аурудан қаза тапқандардың саны 106-ға жетіп, 4535 кісі осы вирусты жұқтырған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу