Қытайдың ғарыш аппараты Марсқа сәтті қонды – БАҚ

1044

Қытайдың "Тяньвэнь-1" ғарыш аппараты сенбі күні Марстың бетіне сәтті қонды. ҚХР Ұлттық ғарыш басқармасының мәліметтеріне сүйенген жергілікті БАҚ өкілдері осындай ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

Қытайдың ғарыш аппараты Марсқа сәтті қонды – БАҚ

Бортында "Чжучжун" марсоходы бар "Тяньвэнь-1" аппараты жерден 2020 жылдың шілдесінде ұшып шыққан. Жеті айлық сапардан кейін осы жылдың ақпанында ғарыш аппараты Марс орбитасына шығып, екі ай бойы қонатын орынды таңдаған. 

Марсоходтың жоспарлы түрлде жарамды мерзімі Марстың 90 тәулігіне (жердегіден 2,7% көп) есептелген. Оны күн батареясының төрт бірдей панелі электрмен қамтып тұрады. Қытайлық ровер сағатына 200 мерт жылдамдықпен қозғалады. 

Марсоход навигация мен топографиялық түсірілімдерге арналған мультиспектральды камералармен, үстінен зондтауға арналған радиолокациялық стансамен жабдықталған. Радиолокациялық станса Марстың геологиялық құрылымын 10 метр тереңдікке дейін зерттейді. Одан бөлек марсоходта топырақтың химиялық құрамын талдайтын әрі биомолекулаларды іздейтін құрылғы, магнитті аумақ детекторы мен метеостанса бар. 

Марсты зерттеу жөніндегі алғашқы мәліметтер биылдың өзінде жеткізілуі мүмкін.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу