Қызылорда қаласындағы шағын ауданға Елбасының есімі беріледі

801

Қызылорда қаласындағы шағын ауданға Елбасының есімі беріледі

Қызылорда қаласындағы шағын аудандардың бірі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталатын болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсенбі күні облыстық мәслихат отырысында қоғамдық кеңестің төрағасы Самұрат Имандосов қаланың жаңа шағын ауданына "Нұр Орда" атауы берілетінін мәлімдеді, себебі "құрылыстың алғашқы кірпішін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қалаған болатын".

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының тұрғындары Арал қаласына мемлекет басшысының ескерткішін тұрғызуды ұсынып отыр, бұл Назарбаевтың Арал теңізі мәселесін шешуге қосқан елеулі үлесін атап көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу