Елдімекен статусына ие болса да, мұндағылар әлі күнге дейін суды Шіркейлі каналынан алып ішеді, деп хабаралайды Atameken Business.
Газ тартылмағандықтан, асты ошақ пештерде дайындауға мәжбүр. Жергілікті халықтың майшамға қарап отырған жайы да бар. Шенеуніктердің құр уәде беріп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Әдеттегідей, әкімдіктегілер бәрін қаржыға тіреп отыр. Қала іргесінде тұрып, өркениет игілігін көре алмай отырған тұрғындардың ауыз толтырып айтар уәжі көп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу