Қызылордада электр энергиясы қымбаттады ма: Басқарма түсініктеме берді

119

Төлем жасау мерзімі бұрынғы қалпына келтіріле ме?

Қызылордада электр энергиясы қымбаттады ма: Басқарма түсініктеме берді Фото: baq.kz

Қызылордада жыл басында тұрғындар электр энергиясына қымбат төлегенін айтып шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  

Бұған байланысты облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан түсініктеме берілді.

– Рас, жыл басында тұрғындар тарапынан осындай сауалдар келді. Олар "өткен жылдың желтоқсан айында электр энергиясы қымбаттады ма?" деп анық-қанығын сұрады. Дегенмен, тарифке ешқандай өзгеріс енбегенін айта кетейін. Мәселенің мәнісін айта кетсек, Қызылорда қаласында тұтынушы көп. Бұрын "Энергосервис" әртүрлі уақытта төлем жасайтын. Сол күні база жабылатын еді. Ендігі кезекте аталған мекеме жабылып қалды. Осыған байланысты 31 желтоқсанға дейінгі көрсеткіш бойынша есеп айырысу қажет болды. Сондықтан тұтынушылар бір айға емес, 45 күндік көрсеткішпке төлем жасады. Тұрғындардың бұрынғыдан көп төлеуіне байланысты түсінбеушілік жағдайы осыдан туындап отыр. Бұл жұмыс енді 1 қаңтардан бастап, КРЭК мекемесінің қолына өтті. Төлем жасау мерзімі бұрынғы қалпына түседі, – деді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу