Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

442

Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді Фото: Pixabay.com

Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.

"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", – деп толықтырды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу