Мақташылардың мұңы сейілмей тұр

497

Статистикаға сүйенсек былтыр Жетісайдағы жер емген дихандар аймақтағы зауыттарға құны 1 млрд теңгеден асатын мақта өнімін өткізген.

Мақташылардың мұңы сейілмей тұр Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында мақташылардың мұңы сейілмей тұр. Өйткені өңірде біраз шаруа өткен жылы өткізген мақтасының ақшасын әлі ала алмай жүр. Тек Жетісай ауданының өзінде 100-ге жуық дихан былтырғы өнімінің ақысын алмаған. Салдарынан кейбірі көктемгі егіске кірісе алмай отыр. 

Статистикаға сүйенсек былтыр Жетісайдағы жер емген дихандар аймақтағы зауыттарға құны 1 млрд теңгеден асатын мақта өнімін өткізген. Арадан ай емес, жылжып өтседе соның 10 пайыздайы әлі күнге маңдай ақы табан терінің өтеуін ала алмай жүр. 

"Нимекстен 2 млн-на аса ақшам бар, бермейді. Күніге барамыз. Әне алдайды, міне алдайды мына басшылары. Ойбай 15-ші мартта құтыламыз деді, одан 1-ші апрельде құтыламыз деді. Енді апрель емес, уже май болып бара жатыр. Әлі берілмейді", - дейді шаруа Мейірбек Алуашев.

Қаржы кешіктірілгесін кейбір шаруалар көктемгі егіске де кірісе алмай отыр.

"Жер бір жарым ай бұрын айдалу керек еді, кемі екі ай бұрын айдалу керек еді. Қазір уже айдап сор шаю керек еді. Ол қазір кешігіп жатыр, ақша жоқ. Льготьный солярка келді, оны да ала алмай отырмыз. Күйіп бітті өткен бір айдыкі", - деді шаруа Ғалымжан Әлдібашев.

Бұл мәселеден жергілікті билік өкілдері де хабардар. Бірақ шешуге қауқарсыз. Тек шаруалар шу шығарған кезде ғана зауыт басшылығын шақырып қарызды қайтарыңдар деумен шектеліп отыр.

"Наурыз айында 7 млндай болды. Бүгінгі таңға 116 млн қалып тұр. Бүгінгі таңда олда уәде беріп отыр. Осы аптада құтыламыз деп. Біз оны қатаң түрде талап етіп отырмыз", - дейді шаруа Ғалымжан Әлдібашев.

Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады демекші былтыр мақта бағасы мардымды болмағасын биыл Жетісайдағы зауыттар шаруаларға алдын ала қаржы беруді қаламай отыр. Ал,  шағын қаржы ұйымдарынан берілетін төмен пайызды несиенің де ауылы алыс болып тұр. Өйткені, кезек көп. Бұл мәселенің барлығы қашан шешілері белгісіз. Егер тезірек шешілмесе біраз диханнның жері бос қалуы ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу