Макулатура, пластик және шыны қабылдаған кәсіпкерлерге 2 млрд теңге төленді

948

2021 жылы 230 мың тонна қалдық жинау, қайта өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату жоспарланған.  

Макулатура, пластик және шыны қабылдаған кәсіпкерлерге 2 млрд теңге төленді

Қазақстанда қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату
жұмыстарына 2,025 млрд теңгеден аса қаражат субсидияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл соңғы 5 жылда салалық бизнесті қолдау шараларының рекордтық көрсеткіші. Жыл басынан бері отандық кәсіпкерлер 67 166 тонна қайталама шикізатты жинап, кәдеге жаратуға жіберілді. Оның ішінде 51 287 тонна макулатура, 5 307 тонна пластик және 10 572 тонна шыны қаптама қалдықтары. "EcoQolday" жүйесінде барлығы 4130 өтінім пысықталды. 

"Нәтижесінде жыл басынан бері қаптама қалдығын жинаушыларға берілген өтемақы мөлшері - 1, 507 млрд теңгені құрады. Ал кәдеге жарату зауыттарына 152,6 млн теңге,
тасымалдауды субсидиялауға – 365 млн теңге берілді. Қайта өңдеу саласындағы
өсу үрдісі негізінен "EcoQolday" цифрлы жүйесін іске қосылғандығымен тікелей
байланысты. Соның нәтижесінде қайталама шикізатты жинау тарифтері көтеріліп, тасымалдау шығындарын ішінара өтеу мүмкіндігі пайда болды", – деп жазылған "ӨКМ Операторы" таратқан хабарламада. 

Айта кететіні "ЕсoQoldaý" жобасы – қаптама қалдықтарын жинау, өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату бағытында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге және өз бизнесін бастағысы келетіндерге арналған платформа.

Қазіргі уақытта жүйеге 670 қатысушы тіркеліп отыр. Оның ішінде қаптама қалдықтарды жинауды жүзеге асыратын 158 кәсіпкер, 481 тасымалдаушы және 31 қайталама шикізатты кәдеге жаратушы ұйым жұмыс істейді. 

"2021 жылы 230 мың тонна көлемінде қайталама шикізатты жинау, қайт өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату жоспары бар. Осы жұмыстарды жүзеге асыруға ӨКМ Операторы биыл 13 млрд теңге қаржы қарастырған. Ел ішінде макулатура, пластик және шыны қаптама қалдықтарын жинау көлемін арттыру мақсатында оператор "EcoQolday HOME" жобасын іске қосты. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке сектордың тұрғындары ПИК/ПИБ арқылы жиналған шикізатты сату жүзеге асыра алады. Қалдықтарды саудалаудан түскен қаражатты тұрғын үй кешенін жөндеуге немесе ауланы абаттандыруға бағыттауға болады", – деп жазылған "ӨКМ Операторы" таратқан хабарламада. 

Айта кету керек 31 тамызда Семей қаласында қалдықты ақшаға қабылдайтын алғашқы бекеттер іске қосылды. Енді кезекте Өскемен, Ақтөбе және Қарағанды облыстары тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу