Мамырда мұқтаж жандарға пәтер жалдау ақысын субсидиялау басталмақ

1274

Халықтың осал топтарына жалдау ақысын субсидиялау мамыр айында іске қосылады деп жоспарланды. 

Мамырда мұқтаж жандарға пәтер жалдау ақысын субсидиялау басталмақ

Бұл туралы үкімет отырысында "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов хабарлады.

Субсидиялау тетігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп әзірленді. 

– Онлайн-банкингтегі процестерді барынша автоматтандыру, қағаз тасығыштарда ақпарат сұрауды болдырмау көзделеді. Өтініштерді қабылдау, табыс деңгейін және өзге де критерийлерге сәйкестігін тексеру, тұрғын үй параметрлерін алу және тексеру, жалдау шарттарын қалыптастыру, қол қою және тіркеу онлайн режимде жүргізіледі. Қазіргі уақытта субсидиялау тетігі бойынша платформаны пысықтау жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлады Айдар Әріпханов.

Оның айтуынша, банктің 17 филиалында интернет қызметтеріне қол жеткізе алмайтын адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары дайындалады. Консультациялық қолдауды – банктің филиалдары мен колл-орталығы көрсететін болады. Автоматтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың 16 дерекқорынан сервистер талап етіледі.

Сонымен қатар "Бәйтерек" холдингінің басшысы тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде Отбасы Банктің базасында тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын жүргізу, қою және есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қол жетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатынын еске салды.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланатын болады. Бұл кезекте тұрғандар базасын жүргізу, мониторингтеу және өзектілендіру процестерін автоматтандыруға, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қалыптастыруға және есепке қоюға мүмкіндік береді. Тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар тізілімінің дерекқорын мемлекеттік тұрғын үй қорынан Отбасы банкіне беру жоспарланды (бүгінгі күні шамамен 590 мың адам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу