Маңғыстаулық малшылар қорықтарды жайылым ретінде пайдалана алады

657

Маңғыстау облысында төрт түліктің санын көбейтіп отырған шаруа қожалықтары Үстірт және Кендірлі-Қаясан қорығын жайылым ретінде пайдалана алады. Бұл – мал басын аман сақтап қалу мақсатында қолға алынған шара.

Маңғыстаулық малшылар қорықтарды жайылым ретінде пайдалана алады

Биылғы көктемде өңірге ылғал мол түсті. Шөптің шығымы бітік. Малшыларды жем-шөппен қамтамасыз етудің өзге де жолдары қарастырылып жатыр. Жауапты мамандар көрші облыстардағы шабындықтардан шөп шабуға рұқсат сұрап, қызметтік хат жолдады.

"Екеуара келіссөздер жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысында 30 мың гектарға жуық жерді пайдалану қарастырылып отыр. Шөпті жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында Маңғыстаудағы Оңтүстік Үстірт және Кендірлі-Қаясан қорықтарын да пайдалануға мүмкіндік бар. Сол жерлерде жазғы маусымда малды жаюға болатынын шаруа қожалықтарына түсіндіріп жатырмыз. Олардың өздері де ниет білдіріп, малдарын апарып жатқан жағдайлары бар", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазыбек Тәшімов. 

Өткен жылы жергілікті бюджеттен малшыларды жем-шөппен қамтуға 2,1 млрд теңге бөлінген еді. Бұл – айналымдағы қаражат болып есептеледі. Бес ауданға арнайы бекітілген операторларға 0,1% үстеме ақымен қаржы берілді. Олар өзге аймақтардан мал азығын сатып алып, шаруаларға кідіріссіз жеткізіп отырды. Мамандар шілденің аптабында Маңғыстауда қуаңшылық қайталануы мүмкін екендігін ескертуде.   

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу