Марат Ахметжанов БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі

809

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов БҰҰ Бас Ассамблеясының 32-ші арнайы сессиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес және халықаралық ынтымақтастықты күшейту саласындағы сын-қатерлер мен шаралар бойынша сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Марат Ахметжанов БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі

БҰҰ Бас Ассамблеясының осы мәселеге арналған арнайы сессиясы алғаш рет өтуде.

Антикор басшысы өз сөзінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде елеулі жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Іске асырылған шаралардың арқасында Қазақстан екі жыл ішінде Дүниежүзілік Банктің сыбайлас жемқорлықты бақылау индикаторы бойынша көрсеткішін екі еседен астам жақсартты, Транспаренси Интернешнл сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша өсім 30 орынды құрады.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Мәселен, бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар – елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістердің бір бөлігі. Бір жағынан, қауіпсіз қылмысты алғаш рет жасағандарға заңның репрессивтілігі төмендесе, екінші жағынан, сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, ауыр, әлеуметтік қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Сондай-ақ, биылдан бастап қылмыстық қудалау органдары түбегейлі жаңа жағдайларда жұмыс істейді. Атап айтқанда, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді. Жиналған дәлелдемелер прокурор тарапынан тәуелсіз бағаланады, оның келісімінсіз ешқандай негізгі іс жүргізу шешімінің заңды күші болмайды.

Қорытындылай келе, М.Ахметжанов Қазақстан сыбайлас жемқорлықты оның барлық нысандарында жою бағытын ұстанатынын және барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының пленарлық отырыстарында БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына мүше мемлекеттер мен ҮЕҰ өкілдерінің, сондай-ақ бас Ассамблеядағы бақылаушылардың баяндама жасайды.

Іс-шара қорытындысы бойынша нақты іс-қимылға бағдарланған саяси декларацияны қабылдау жоспарланып отыр. Аталған құжаттың жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді тәсілін қамтамасыз етуге, халықаралық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерін қабылдауға және парасаттылықты, ашықтық пен есептілікті ілгерілетуге ерекше назар аударылған.

Іс-шара 2-4 маусым аралығында Нью-Йорк қаласында (АҚШ) онлайн форматта өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу