Атап өтетіні, авитаминоз - адам ағзасында бір немесе бірнеше дәрумендер тобының жетіспеушілігі. Дәрігердің айтуынша, жыл сайын маусымаралық кезеңде адамдардың 60-80%-ы дәрумен жетіспеушігін сезінеді. Аталған ауруға жеткіліксіз назар аудару және оны елемеу көбінесе жағымсыз салдарға және жағдайдың нашарлауына әкеледі.
"Әр адамның ағзасына жеке қарау керек және оны дәрумендерді таңдаған кезде де ескерген жөн, минералдарды заттар мен олардың көлемі де соған қарай тағайындалады. Әртүрлі патологиялармен және ауырған аурулардың салдарынан дәрумен жетіспеушілігі бірнеше есе артуы мүмкін. Айта кетерлігі, суық тиген кезде аспирин қабылдау ағзадан С дәруменінің бөліну жылдамдығын 3 есеге арттырады", - дейді маман.
Дәрігердің айтуынша, авитаминозды мына белгілер негізінде анықтауға болады:
- бұрын жанға рахат сыйлайтын заттар мен әрекеттерге апатия және қызығушылықты жоғалту;
- суық тию мен мұрынның бітуі;
- бір немесе бірнеше созылмалы аурулардың өршуі;
- ұйықтап кету қиын, ал таңертең орыннан тұру одан да қиынырақ болады;
- түнгі 2:30 және 3:30 уақыт аралығында жиі ояну;
- терідегі безеудің пайда болуы немесе терінің шамадан тыс құрғауы;
- шаштың сынғыштығы және тырнақтардың қатпарлануы;
- іш қату, гастрит түрінде асқазан-ішек жолдарының бұзылуының пайда болуы;
- қызылиектің аяқасты қанауы;
- назарды шоғырландыра алмау;
- бастың үнемі ауыруы;
- құлақтың шулауы және бастың жеңіл айналуы.
Бұл тізімдегі екі белгінің болуы прогрессивті көктемгі авитаминоз барын көрсетеді.
Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, жағымсыз белгілер көбінесе бірнеше дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінің нәтижесінен болады.
"Көктемгі авитаминозбен тиімді күресу үшін қазіргі уақытта ағзаға қандай дәрумендер немесе олардың комбинациясы қажет екенін анықтау маңызды. Күн сайын жетіспейтін дәруменнің нақты мөлшерін толтыруға тырыспау керек екендігі дәлелденді. Оның орнына дәрігерлер қажетті дәрумендер мен минералдардың орташа мөлшерін бірнеше күн немесе апта ішінде алуға кеңес береді", - деп түсіндірді спикер.
Дәрумен тапшылығының алдын алудың негізгі қағидасы – дұрыс диетаны сақтау. Сонымен қатар, дәрумен жетіспеушілігі кезінде таза ауада жиі серуендеу және тұрақты спорттық жаттығулар көмектеседі.
Дәрігер тамақтанудың негізгі ережелерін елеусіз қалдырмауға және тамақтану рационына фрештерді, көкөністердің, жемістердің және көк шөптерді қосуды ұсынады.