Мәжіліс мандатына 125 үміткердің тізімі бекітілді

707

Қазақстан халық партиясының кезектен тыс XVI съезі өтті.

Мәжіліс мандатына 125 үміткердің тізімі бекітілді

Басқосу барысында партия атынан парламент мәжілісі депутатының мандатына  125 адам үміткер ретінде бекітілді.

Шара шеңберінде партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы жарияланып, республикалық сайлауалды штаб құру туралы шешім қабылданды.

"Партия 2021 жылғы 10 қаңтардағы парламент мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысу туралы ұсыныс енгізді. Есепті кезеңде халықтың қолдауы тұрғысында партия өзінің брендін өзгертті, яғни атауын Қазақстан халық партиясы деп ауыстырды. Біз уақыт талабымен алға қарай ілгерілеуге ниеттіміз және мұны дұрыс қадам деп есептейміз. Осы орайда ел халқы біздің бастамаларды қолдайтынына сенімдіміз", – деді партия төрағасы Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, фракция үнемі партиялық ұстаным аясында қызмет етіп, халық мүддесіне сай жұмыс істеді.

"Өткен бес жылда фракцияның 92 отырысы өткізілді, 300-ге жуық депутаттық сауал жолданды. Елді мекендерге 664 жұмыс сапары жасалып, халықпен 1450 кездесу ұйымдастырылды. Үш мыңнан астам жеке әрі заңды тұлғалардың өтінімі қаралды", - деді Айқын Қоңыров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу