Мәжіліске Швеция Елшісі келді

1017

Мәжіліске Швеция Елшісі келді

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Швецияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камиллмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжілістің Комитет төрағасы Қазақстан мен Швеция арасындағы сауда-экономикалық, саяси байланыстарды талдай келе Парламентаралық ынтымақтастықты өркендету жолындағы мәселелерден сөз қозғады.

Тараптардың жүздесуінде назар  Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып енуі мен 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне телекоммуникация, тау-кен өндіру және ауылшаруашылығы саласының шведтік компанияларының да қатысуы жайына аударылды.

Парламенттік ынтымақтастық қатынастар жайында депутаттық топтар деңгейінде тәжірибе алмасу мен заң шығару  тәжірибесін үйрені турасында да ой бөлісті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу