Тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін мекенжай анықтамасы сұралмайды. Мекемелер қажетті мәліметтерді өздігінен ала алады. Бұл қағазбастылықты жою мен мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту үшін жасалып отыр. Бұл туралы кrisha.kz-ке сілтемемен 24.kz хабарлады.
Қазақстандықтардың өздері электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен өзі тіркелген мекенжайы туралы ақпаратты тексере алады. Сондай-ақ үй иелері өз үйінде немесе пәтерінде тіркелген адамдар туралы ақпарат ала алады.
Сондай-ақ, ІІМ жыл соңына дейін тағы сегіз мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.