Мемлекет басшысы "МИР" телеарнасына сұхбат берді

552

Мемлекет басшысы "МИР" телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мерейтойына орай мемлекетаралық "МИР" телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы телеарнаның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі, ұйымның институционалды дамуы және бұл үдерістерге Қазақстанның қосқан үлесі жөніндегі сауалдарына жауап берді.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қатысты өз ойын ортаға салып, оған қарсы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында күресудің ұжымдық шаралары туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ президент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен НАТО-ның ұқсастығы жөнінде пікір білдіріп, бұл ұйымдардың сипаты мен құрылуындағы міндеттерінің айырмашылықтарына тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу