Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің бүкіл рәсімі онлайн фоматқа өтеді

681

Қазақстанда мемлекет – жекеменшік әріптестігінің рәсімдері цифрландырырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің бүкіл рәсімі онлайн фоматқа өтеді

"Қазіргі таңда мемлекет-жекеменшік әріптестігі процестерін цифрландыру, барлық рәсімдерді онлайн платформаға кезең-кезеңімен көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл шектеусіз тұлғалар тобы үшін МЖӘ 4 жоспарлаудың барлық процестерінің толық қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ведомствоаралық жобалық топтың құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерін, депутаттар мен БАҚ-ты енгізу туралы ұсынысты министрлік МЖӘ туралы заңнамаға жаңа түзетулер қалыптастыру шеңберінде қарайтын болады", – деп жазылған министрдің жауабында.

Оның айтуынша, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясындағы жобаларды жоспарлау кезеңінде әлеуетті мемлекеттік әріптестің жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалық, инжинирингтік және басқа компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы ведомствоаралық жобалық топ құратыны көзделген. Ол ведомствоаралық топтың құзыретіне мынандай функциялар берілмек:

– МЖӘ жобасын іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар мен бастамаларды зерделеу;

– МЖӘ жобасын жүзеге асыру тәсілін, конкурс түрін, жер учаскелерін бөлумен, инженерлік желілерге қосылумен байланысты мәселелерді іріктейді, бағалайды, басымдығын айкындау;

– Хаттамаға қол қою арқылы МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығы не орындылығының жоқтығы туралы ұсынымдар қабылдау;

– Жоспарланған МЖӘ жобасы бойынша маркетингтік және өзге де зерттеулердің нәтижелерін зерделеу;

– Барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде МЖӘ жобасының алдын ала есептеулерін зерделейді;

– Конкурстық құжаттамаға енгізу үшін ұсыныстар қалыптастыру;

– МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінен бастап МЖӘ шартын жасасу кезеңіне дейін МЖӘ жобасын дайындауға тартылған адамдардың есептерін тыңдау;

– Келісуші уәкілетті органдар мен ұйымдардан ескертулер алу шамасына қарай МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын келісу және сараптау процесі барысында пысықтауды жүзеге асыру;

– МЖӘ конкурстық құжаттамасын қарау, келісу, сараптау және бекітуден өту мерзімдері мен рәсімдерінің сақталуын қадағалау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу