Жаңа элемент Жапонияның RIKEN институтында 2004 жылы анықталған болатын. Жақында оған ресми түрде "нихоний" (nihonium) деген атау берілді. Элементтің атауы елдің қосалқы атауларының бірі – "Нихон" сөзінің негізінде алынған. Нихоний – мырыш пен висмуттың ядросын біріктіру нәтижесінде шығарылған элемент. Бұған дейін оған бейресми түрде латынша "унунтурий" деген атау берілген-ді. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап reactor.inform.kz хабарлайды.
Биыл жазда Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы жаңа элементтерге атау беру жөнінде ұсыныстар шығарған. Атомдық нөмірі 113, 115, 117 және 118 деп келетін элементтерді нихоний, московий (Мәскеудің атына орай), тенессин және оганессон (академик Юрий Оганесянның құрметіне) деп атау ұсынылған болатын.