Microsoft "Самұрық-Қазына" жастарына дәріс оқыды

1104

Жастар ақпараттық технология саласындағы білімін толықтырды.  

Microsoft  "Самұрық-Қазына" жастарына дәріс оқыды

Microsoft компаниясының мамандары "Самұрық-Қазына" мен қордың еншілес компанияларында тағылымдамадан өтуші жастарға дәріс оқыды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Тағылымдамада ІТ саласындағы соңғы үрдістерді көрсетуге тырыстық. Деректерді талдау бойынша дәріс жүргізіп, үлкен көлемдегі ақпараттарды талдау үшін Microsoft ең озық технологияларды қалай пайналанатынын көрсеттік. Тыңдаушылардың дәрістен алған білімі міндетті түрде кәдеге жарайды. Өйткені, біз айтқан дүниелерді университетте оқытпайды", – деді Microsoft компаниясының өкілі Санжар Мырзағалым.

Оның айтуынша, ақпараттық технологиялар саласындағы білім тез ескіреді. Сондықтан мамандар білімді әрдайым жетілдіріп отыруы керек.

"Университеттердің біразында бірнеше жыл бұрын бекітілген бағдарлама бойынша білім беріледі. Бұл ақпараттық технологиялар саласында әрдайым қолданылмауы мүмкін. Бағдарлама жыл сайын өзгеруі тиіс", – дейді Санжар Мырзағалым.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен қордың еншілес компанияларында "Цифрлық жаз – 2018" тағылымдама бағдарламасы басталған болатын. Бағдарлама қатысушылары IТ саласында  тәжірибе жинап, білім алады. Олар  SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерін пайдаланып, шеберліктерін шыңдайды.

2016-2018 жылдары жоғарғы оқу орынын бітірген студенттер "Цифрлық жаз – 2018" бағдарламасына қатысу үшін "Самұрық-Қазынаның" ресми сайтына өтінім қалдыруы керек. Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік деп танылған жас мамандар "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Тау-Кен Самұрық" АҚ, "КОРЭМ" АҚ,  "Qazaq Air" АҚ, "Энергоинформ" АҚ, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС және "Біріккен химиялық компания" ЖШС компанияларына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу