Moderna акциялары құлдырады

647

Бостондағы медицина орталығында жұмыс істейтін Хосейн Садрзаде есімді онколог екпенің екінші дозасы егілгеннен кейін денсаулығының нашарлап, аллергиясы басталғанына шағымданған. 

Moderna акциялары құлдырады

Коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған Moderna компаниясының акциялары 10%-ға арзандады. Бұған осы екпені еккен бір адамның препаратқа аллергиясы бары анықталды деген мәлім түрткі болды.

New York Times басылымының дерегі бойынша, Бостондағы медицина орталығында жұмыс істейтін Хосейн Садрзаде есімді онколог екпенің екінші дозасы егілгеннен кейін денсаулығының нашарлап, аллергиясы басталғанына шағымданған. Нақтырақ айтқанда, оның басы айналып, жүрек соғысы жиіліген. Оған Epipen препаратының көмегімен адреналин егілгеннен соң, жағдайы жақсарған. 

Еске сала кетсек, АҚШ-та бұл вакцинаны пайдалануға 18 желтоқсанда рұқсат берілді. Соңғы аптада компания акцияларының бағасы 43 доллардан 36,5 долларға дейін төмендеген. Тіпті препаратты сатып алып жатқан елдер қатарының көбеюіне қарамастан, құнды қағаз қымбаттамай отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу