Мемлекеттік кіріс комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс шеңберінде заңнама талаптарын, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің жұмысында мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылдауда.
Мұндай факт Маңғыстау облысында алкоголь өнімін сатумен айналысатын "Партнер Актау Компани" ЖШС қызметін тексеру кезінде әшкере болды.
Атап айтқанда, көтерме сатушылар жеткізген алкоголь өнімінің көлеміне және "Партнер Актау Компани" ЖШС-тің алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарына салыстырмалы талдау жүргізу кезінде тауар сомасы бойынша айтарлықтай айырмашылықтар анықталды.
Аталған факті бойынша МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасы салықтық тексеруді тағайындады. Оның нәтижелері бойынша жоғарыда аталған заң бұзушылықтардан басқа ЖШС қоймаларында белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі табылды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ЖШС құрылтайшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы С.Қуанышәлиевтің зайыбы екені белгілі болды.
Мүдделер қақтығысының бар екендігін көрсетіп тұрған жағдайлар іс бойынша басшыларға және жоғарыда аталған ЖШС құрылтайшысына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндік бермеген.
Алайда, С.Қуанышәлиев жазбаша түсініктемемен өзінің тікелей басшысына жүгінбеген және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңдарының талаптарын бұза отырып, өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыра берген.
Қызметтік тергеу нәтижелері және тәртіптік комиссияның ұсынымдары бойынша С.Қуанышәлиев атқарып отырған лауазымынан босатылды.