Мұз ойылып, суға түсіп кеткен баланың денесі табылды

1384

Полицейлер мен құтқарушылар 12 және 15 жас аралығындағы үш жасөспірімді ажалдан алып қалған. 

Мұз ойылып, суға түсіп кеткен баланың денесі табылды

Жайық өзенінен 15 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұз үстімен жүрмек болған төрт жеткіншек жарылған ойыққа батып кеткен еді. Жедел жеткен полицейлер мен құтқарушылар 12 және 15 жас аралығындағы үш жасөспірімді ажалдан алып қалды. Соңғысын іздеу шаралары бір күнге созылды. Өкінішке қарай кәмелетке толмаған ауыл тұрғынының мәйіті кешкі уақытта мұз астынан табылды. Ал құтқарылған балалардың біреуі үйіне жіберіліп, екеуі дәрігерлердің бақылауында.

Мамандардың айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Сағат 17:35-те Жайықтың жағалауында сол батқан жерінен табылды. Құтқарушылардан тоғыз адам жұмылдырылды. Бір арнайы дайындықтан өткен ит пен кинолог мамандармен іздестіру жұмыстары кеше 5 қаңтар күні жүргізіліп, кешкі сағат 18.00-де тоқтатылды",– дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Қайрат Темірболат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу