Н.Ермекбаев Астанадағы Успен кафедралдық соборының жұмысымен танысты

1110

Н.Ермекбаев Астанадағы Успен кафедралдық соборының жұмысымен танысты

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астанадағы Успен кафедралдық соборында болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сапар барысында Мминистр Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті. Тараптармен мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының, еліміздегі конфессияаралық үйлесімді нығайту өзекті мәселелерін талқыланды.

Тараптармен Ұлт көшбасшысы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін және конфессияаралық келісімді қалыптастыру және нығайту ерекше рөлін атап өтті.

Кездесу барысында Н.Ермекбаев Кирилл және Мефодий атындағы рухани және мәдени орталығының жұмысымен танысты.

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Успен кафедралды соборының құрылыс тарихымен, Қазақстан халқының бейбітшілік пен толеранттық, бірлік пен ынтымақ атмосфераны, қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастыру туралы жұмыстармен министрді хабардар етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу