"Науқастардың анализі шет мемлекеттерге жіберіледі": Депутат онкология саласындағы мәселелерді көтерді

229

Айтуынша, қатерлі ісік ауруына шалдыққан азаматтарды емдеуге бөлінетін қаржының 20 пайызға қысқаруы өте ауыр тиеді. 

"Науқастардың анализі шет мемлекеттерге жіберіледі": Депутат онкология саласындағы мәселелерді көтерді Фото: gov.kz

Қазақстанда молекулярлы-генетикалық зертханалар 6 қалада ғана бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде молекулярлы-генетикалық зертханалар тек 6 қалада бар. Республикада референс-онкогемотологиялық зертханалар жоқ. Науқастардың анализі шет мемлекеттерге жіберіледі. Осы зертханаларды өзімізде де ашуға болатын еді. Ол үшін арнайы кешенді жоспар жасалған еді. Астана қаласын қоспағанда, басқа өңірлерде орталықтандырылған дәрі-дәрмектерді ұлғайту кабинеттері қарастырылмаған", - деді Асхат Аймағамбетов.

Айтуынша, қатерлі ісік ауруына шалдыққан азаматтарды емдеуге бөлінетін қаржының 20 пайызға қысқаруы өте ауыр тиеді. 

"Қазіргі таңда онкологиямен ауыратын науқастар химиялық-терапиялық емдеуден бөлек, қымбат терапиялар алады. Мысалы, сүт безі қатерлі ісігінде таргетті химия-терапия алу үшін хаттама бойынша "Кадсила" препараты қолданылады. Оның бағасы басқа шығындарды есептемегенде, бір ем курсы үшін 1 млн 924 мың теңге тұрады. Бұрынғы тариф бойынша 1 млн 810 мың теңге болған. Сондағысы 140 мың теңгеге төмен. Енді хирургиялық әдіспен бұл тәсілдерді алып тастағанда, ем қабылдау курсы 500 мың теңге болады", - деді депутат.

Айта кету керек, осыған дейін Асхат Аймағамбетов МӘМС-те жоқ азаматтарды онкологиялық скринингпен қамтуды ұсынғанын жазған болатынбыз. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 13 мың қазақстандық қайтыс болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу