banner

Нұрислам Санаев Әлем чемпионатының "алтынына" таласады

1397

Оның қарсыласы - ресейлік Зәуір Угуев.

Нұрислам Санаев  Әлем чемпионатының "алтынына" таласады

Будапештте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық еркін күрес шеберлері арасынан 57 келідегі Нұрислам Санаев жүлдеге таласады, деп жазады Olympic.kz. 

Санаев кешегі жарыс күнінде Америкалық Самоа өкілін 10:0, Украина балуанын 10:0, түркиялық қарсыласын 11:6 есебімен жеңді. Ал жартылай финалдық бәсекеде америкалық Томас Гилманды мерзімінен бұрын, 11:0 есебімен тізе бүктірді. 

Нұрисламның финалдық белдесуі бүгін өтеді. Біздің спортшының қарсыласы - ресейлік Зәуір Угуев. 

Айта кетейік, Будапешттегі әлем чемпионаты жаңарған бағдарлама бойынша өтуде. Балуандар бұрынғыдай бір күн емес, екі күн бойы күреседі. 

2019 жылы күрестен лицензиялық әлем чемпионаты Астанада өтетінін естеріңізге саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу