Омарташы кәсібін үйренемін деушілердің қарасы аз

2097

Ардагер омарташы, ҚР "Еңбек ардагері" медаліне ие Владимир Гришин "Мед" оқыту орталығында павлодарлықтарға бал өндіру кәсібінің қыр-сырларымен бөлісуге әзір.

Омарташы кәсібін үйренемін деушілердің қарасы аз

"Мед Прииртышья" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі кез келген адамды омарташы кәсібін үйретуге дайын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ардагер омарташы, ҚР "Еңбек ардагері" медаліне ие Владимир Гришин "Мед" оқыту орталығында павлодарлықтарға бал өндіру кәсібінің қыр-сырларымен бөлісуге әзір.

"Қазіргі кезде бар уақытымды жас омарташыларды дайындауға арнауға бел буып отырмын. Жастардан өз тәжірибем мен көрген-білгенімді аямаймын. Тәжірибелік сабақтар кезінде әр маусымда бір бал ара отбасынан 30-40 келі емес, 150-200 келі алуға үйретемін. Мынаны қараңыз, қазіргі кезде күніне 7-8 келі бал алу көп болып есептелсе, менің араларым күніне 17-18 келі бал береді. Әр нәрсенің өзіндік сырлары, технологиялары бар ғой. Соған үйретемін", – дейді Владимир Гришин.

 83 жастағы Владимир Гришин кезінде Павлодар трактор зауытында бригадир-электрик болып жұмыс істеген. 90 жылдары зейнетке шыққаннан соң, омарташылықпен айналысуды бастаған. Зейнеткердің айтуынша, балдың барлық түрі емдік қасиеттерге ие, тек оны жинаудың және сақтаудың шарттарын орындау қажет.

"Біріншіден, бал таза болуы керек, яғни оған қант немесе басқа да қосындылар қосылмауы керек. Аралар пластамассадан жасалған емес, арнайы ағаш үйшіктерде тұруы керек. Тағы бір айта кететін жайт, адамдар балды ыстық шайға немесе сүтке қосып ішеді. Бал +39 градуста өз қасиеттерін жоғалта бастайды. Сондықтан оны қасықпен жеу керек", ­ – дейді ол.

Павлодарлық омарташылардың сөзінше, әзірге осы кәсіпті үйренемін деушілердің қарасы көрінбейді. Осы орайда, олар қалалық жұмыспен қамту орталығының көмегін сұрайды. Оқыту құны айына –15 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу