Өндірушілер тауарларды таңбалауға арналған жабдыққа қанша ақша жұмсайды

914

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының есебіне сүйенсек, өнімдерді цифрлық таңбалау адал өндірушілер мен импорттаушылар үшін 900 млрд теңгеден аса сомаға тауарларды өткізудің қосымша нарығын қалыптастырады екен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өндірушілер тауарларды таңбалауға арналған жабдыққа қанша ақша жұмсайды

Талдау агенттіктерінің дерегі бойынша тауарларды міндетті таңбалауды енгізу тауар нарығын ағартудың триггері болып саналады. Бұл өнімдердің "көлеңкелі" айналымын 70-80% қысқартуға мүмкіндік береді.

"2019 жылы Қазақстанда сүт өнімдері нарығының көлемі 809 млрд теңге болды, көлеңкелі айналым 17,4% немесе 140 млрд теңге. Бұл ретте барлық өндіруші таңбалауға арналған жабдыққа жұмсалатын жалпы шығыны 6,5 млрд теңге, яғни жыл сайынғы өндіріс көлемінің 1% аспайды. Контрабандалық және контрафактілік сүт өнімдерінің 80% нарықтан кеткен кезде босатылған тұтыну нарығы 98 млрд теңге болады, яғни сүт өнімдерінің адал өндірушілері мен импорттаушыларының сату көрсеткіштері 10% артады", - деп жазылған Цифрлық экономиканы дамыту орталығы таратқан хабарламада.

Фармацевтика бойынша нарық көлемі 1,4 млрд теңге, көлеңкелі айналым – 12,3% немесе 171 млн теңге. Нарықтың 80% тазарған жағдайында заңды өндірушілер мен импорттаушылар үшін жыл сайын 80 млрд теңге сомасына қосымша өткізу нарығы қалыптасады.

2018 жылы ЕАЭО елдері қол қойған Data Matrix кодымен тауарлардың әртүрлі топтарын цифрлық таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы келісімге сәйкес тауарларды цифрлық таңбалауды енгізу нәтижесінде адал бизнестің түсімі 11,3% артады. Бұл өндірушілердің тауарларды таңбалауға арналған жабдыққа жұмсалатын біржолғы шығыны жылдық түсімнен 0,5%-дан 0,9%-ға дейін өседі, таңбалау кодтарына арналған шығындар орташа алғанда тауарлар құнының 0,4% тең. Демек тауарларды міндетті таңбалау нәтижесінде қазақстандық өндірушілердің кірісі жылына 10% асады. 

Экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеевтің пікірінше, цифрлық таңбалауды енгізу барысында халықтың азық-түлік және азық-түлік емес мақсаттағы тауарларға қажеттілігі азаймайды.

"Мұнда көлеңкелі айналымның үлесі төмендейді. Бүгінде контрабанда, контрафакт болып саналатын тауарлар бар. Тазарған нарыққа адал өндірушілер мен импорттаушыларға келеді. Бұл нарықтың үлесі – 10%. Демек заңды түрде жұмыс істейтін бизнестің жыл сайынғы кірісі таңбалауға арналған жабдық шығыны 1% аспайды. Бұл олар үшін тиімді. Тауардың заңды екенін
Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады", - деді басқарушы директоры.

Осылайша, Қазақстанда өнімдерді цифрлық таңбалау адал өндірушілер мен импорттаушылар үшін 900 млрд теңгеден аса сомаға тауарларды өткізудің қосымша нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу