Оңтүстік Корея көліктің айналарын алып тастамақшы

1159

Оңтүстік Корея көліктің айналарын алып тастамақшы

Оңтүстік Корея келесі жылы көліктің айналарын видеокамераға ауыстыру үшін жол қозғалысы ережелерін қайта қарайтын болды. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлады, деп жазады egemen.kz.

Сыртқы айналарын көліктің сыртқы корпусынан алып тастап, желдің өтін бәсеңдету арқылы бензин шығынын 10 пайызға азайту қарастырылып отыр екен. Оңтүстік Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің өкілдері айналарды камералар жүйесі мен мониторға (CMS) ауыстырудан жол апаттарын азайтуға ниетті.

Осы министрлік өкілі "Егер көліктің айналарын камера мен мониторға ауыстыратын болсақ, бұл елдегі жаңа технологияларды өндірушілердің жұмысын қарқындатып, көліктің дизайны мен мүмкіндіктерін жақсарта түсеміз", депті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу