Өскеменде Ертіс өзені үстіндегі жөндеуден өткізіліп жатқан ескі көпір қирады, деп мәлім етті облыстық ТЖ жөніндегі департаменті.
"Ертістегі көпірді жөндеу кезінде, тіреулерді бұзып жатқанда, көпір сол жақ жағаға қарай қисайып, осының салдарынан қирап кетті. Осыдан соң көпір тігінен тұрып қалды", – делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпараты бойынша, төрт жұмысшы төмен қарай сырғып кеткен, тағы екеуі қарманып үлгерген. Құтқарушылар оларды арқанмен түсіріп алған.
ТЖД баспасөз қызметі нақтылағандай, бір адам зардап шеккен, тағы бір адам аяғынан жарақат алды, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу