Отандық экспорт көлемі 80 миллион тоннаға жуықтады

931

Биылғы жылдың 11 айында темір жолмен 233 млн тонна жүк тасылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6%-ға артық. Соның ішінде Қазақстан бойынша 156 млн тонна тасымалданса, қалғаны – экспорт.

Отандық экспорт көлемі 80 миллион тоннаға жуықтады

Ресми мәлімет бойынша биылғы жыл басынан бері еліміз шетелге 77,5 млн тонна жүк шығарған. Соның 7,8 миллион тоннасын астық құрап отыр, айтқандай, бұл өткен жылдың 11 айының қорытындысымен салыстырғанда 57% көп, деп хабарлайды abctv.kz.

"Жалпы алғанда, биылғы жылдың 11 айында темір жолмен 233 млн тонна жүк тасылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6%-ға артық. Соның ішінде Қазақстан бойынша 156 млн тонна тасымалданса, қалғаны – экспорт. Мысалы, қазақстандық астық пен ұн өзінің негізгі тұтынушылары – Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иранға көп жеткізілді. Жыл соңына дейін экспортқа 8,7 млн тонна астық жөнелтілмек, өсім 47% құрайды", - дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директордың операциялық жұмыс жөніндегі орынбасары Мұхтар Жамбылов.

Ол экспортты қамтамасыз етуде вагон тапшылығы жоқ екендігін мәлімдеді. Республикада әр түрлі жеке иелікте 135 мың вагон тіркеуде болса, сол жалпы парктің 39%-ы - "Қазтеміртранс" АҚ иелігіндегі вагондар.

"Биылғы жылдың 11 айында "Қазтеміртранс" АҚ вагондарына тиелген астық көлемі 23,7 млн тонна болды, бұл барлық экспорттың 30% шамасында және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға асқан. Шамамен астықтың 51%-ы "Астық Транс" АҚ және "Теміртранс"  АҚ паркіне тиелді. Биылғы астық және басқа да шашылатын, ұнтақ өнімдерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамның жетіспеушілігі астық тасушылардың және вагондар айналымы уақытының аздығымен тікелей байланысты болды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ мәселені шешуді ауыл шаруашылығы министрлігі атынан "азық түлік корпорациясының" астық сатып алу бойынша интервенция жүргізу қажеттігінен көреді. Бұл жыл бойы өнімдерді біркелкі тасымалдауға мүмкіндік береді, сөйтіп маусымдық дүрбелеңді болдырмайды", - деді Мұхтар Жамбылов.

Оның айтуынша, көрші елдердің теміржол әкімшіліктерінің инфрақұрылымдық шектеулері, сондай-ақ қазақстандық теңіз порттарының астық терминалдарының өткізу қуаты "орташа вагон айналымы уақытын" айтарлықтай арттырады. Мысалға, экспорттық қатынасқа жөнелтілген астықтасушы-вагондардың орташа айналымы 33 тәулікті құраса, есептік айналымда 15 тәулік, жүк операцияларында орташа тұрып қалу уақыты 6,2 тәулік болған. Жүкжөнелтушілер кінәсінен астық тиеудің тәуліктік жоспары жүйелі түрде ұзарып шыға келеді. Берілген вагондар операциясыз тұрып қалады.

Ауғанстан, Иран, Ирак елдеріне арналған астық дақылдарын Түркменстан арқылы транзитпен "Болашақ" халықаралық өткізу пункті бойынша Имамназар, Акина, Серхетабад және Сарахс станцияларына баламалы бағыттармен экспорттау жағдайды біршама жақсартуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу