Отандық жеңіл өнеркәсіп саласында импорт экспорттан 17 есе көп

1023

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау жасалып отыр.

Отандық жеңіл өнеркәсіп саласында импорт экспорттан 17 есе көп

Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева сенатта өткен парламенттік тыңдауда осылай деді.

"Еліміздегі 1071 жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының 40 ірі және орта өндіріс орыны ғана жұмыс істеп тұр. Бұл –  тігін немесе аяқ киім фабрикасы емес, ателье немесе артель. Кейбір салаларда 1 ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Барлық кәсіпорындардың орташа қуаттылығы 26%-дан сәл асады. Саладағы жұмысшылар саны 12 700 адам, ал шынайысы – 9 300. Бұл көрсеткіш кеңес кезеңінде 200 мың болған", – деді Дариға Назарбаева.

Сенат төрағасының сөзінше, отандық жеңіл өнеркәсіп саласында импорт экспорттан 17 есе көп.

"Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау жасалып отыр. Бұл кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, ассортиментті кеңейтуге мүмкіндік берілмейді. Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады. Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Нәтижесінде, бюджет қаражаты елден шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытады", – деді Дариға Назарбаева

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу