Полиция қызметкерлерінің "қамқорлығындағы" қылмыстық топтар әшкереленді

1007

2018 жылы заңсыз айналымнан 8 мың кг-ға жуық бекіре алынған.

Полиция қызметкерлерінің "қамқорлығындағы" қылмыстық топтар әшкереленді

Соңғы жылдары елімізде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға заңсыз аңшылық  жасау оқиғалары жиілеп кеткен. 3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал 3,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы заңсыз аңшылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеу мәселесі бойынша өткен ведомствоаралық жиналыста айтылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Киіктерді ату фактілерінің саны өсуде. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған.

Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда. Бұған Қарағанды облысындағы "Охотзоопром" РМК инспекторының қаза болуына байланысты оқиға дәлел.

Осыған ұқсас оқиғалар бекіре тұқымдас балықтарды аулауға байланысты да орын алып отыр. 2018 жылы заңсыз айналымнан 8 мың кг-ға жуық бекіре алынды, алайда көбісі көлеңкеде қалып отыр.

Кеңесте құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының әрекеттері тиімсіз екені және заңсыз аң аулауға қарсы күресте кешенді шаралар әзірлеуді талап ететіні атап өтілді.

Қызмет борышы бойынша жануарлар әлемін сақтауға міндетті уәкілетті және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыс жасау фактілері де белең алған.

Биылғы жылы Атырау мен Маңғыстау облыстарында балық инспекциясы мен полиция қызметкерлерінің қамқорлығымен жұмыс істеген қылмыстық топтардың әрекетіне тұзақ салынды.

Табиғат қорғау инспекторларын қорғауды қамтамасыз ету және құқықтық мәртебесін бекіту мәселесі де қозғалды.

Осыған орай қарастырылып отырған саладағы ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу