Президент: Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі

1045

Қасым-Жомарт Тоқаев Димаштың өнеріне Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, қол соққанын мақтана жеткізді. 

Президент: Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі

"Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің instagram-дағы парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу