Президент "Қалаулымға" қатысты қоғамның ұстанымын біледі – Берік Уәли

2565

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы "Қалаулым" мен "Қалауым сен" бағдарламаларына қатысты халықтың пікірі ескерілетінін айтты.

Президент "Қалаулымға" қатысты қоғамның ұстанымын біледі – Берік Уәли Фото: әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

Көпшілік аталған бағдарламалардың жастар тәрбиесіне кері әсер ететіндігін, ешқандай мән-мағынасы жоқ арзан шоу екенін, оның экраннан көрсетілуіне қарсы екендіктерін білдіруде. Олар тіпті пікірлері ескерілмесе, наразылық шарасына шығуға да дайын екендіктерін айтуда.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жауап берді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәселеден хабары барын, тиісті шешім шығатынын жеткізді. 

"Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады",– деп жазды Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу