Qaznews24 әкімшісі Темірлан Еңсебектің ұсталуы қаншалықты заңды – Балаеваның жауабы

856

Qaznews24 паблигінің әкімшісі Темірлан Еңсебектің ұсталуы қаншалықты заңды? Бұл жағдайға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұстанымы қандай? Осы сұрақ бүгін ОКҚ алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Qaznews24 әкімшісі Темірлан Еңсебектің ұсталуы қаншалықты заңды – Балаеваның жауабы

"Мен бұл жағдайдан хабардармын. Қадағалап та отырмын. Жалпы әзіл-оспақты, сатираны түсінетінімді айта кеткім келеді. Алайда сатира мен жалған ақпараттың айырмашылығын түсіну керек. Себебі бұл қоғамда белгілі бір наразылықты, резонансты туғызады. Бұл фактқа сараптама жүргізіліп жатыр. Бәрі де сол сараптаманың қорытындысына байланысты", - деді Аида Балаева.

Журналистер әйтсе де мұндай пабликтердің көп екенін, сол себепті жалған ақпарат тарататын ондай ақпарат көздеріне нақты баға беретін ереже пайда бола ма деп те сұрақ қойды. Ал Казньюс24 – нақты сатиралық паблик болған.

"Бұл ретте әлеуметтік желілердің мәртебесін айқындап алу керек. Бүгінгі таңда телеграм-арна да, инстаграм, фейсбук те – бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайды. Сондықтан әу баста олардың мәртебесін айқындау үшін жұмыс жүргізу керек. Содан кейін ғана нақты осындай жағдайлардың алдын алатын шараларды қабылдаған жөн. Министрлік БАҚ туралы жаңа заң бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Коммуникацияның жаңа түрлері пайда болды. Тиісінше, бұл мәселелер кеңінен талқыланады", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу