Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстанда зейнетақы алып келген

550

Ресейлікке 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстанда зейнетақы алып келген

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізген.

Бұл азамат Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2003 жылы Ресейге барып, сол мемлекеттің азаматтығын алып, екі мемлекеттен де зейнетақы алып отырған. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығына өзге елдің азаматтығын алғандығын әдейі жасырып, зейнетақы төлемдерін алуға құжат тапсырған. Осылайша, 2006 жылдан бастап, яғни 14 жыл бойы айыпталушы Қазақстан аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған. Комитеттің хабарламасына сүйенсек, оның мемлекетке келтірген залалы 9,2 млн теңгеден асады.

"Батыс Қазақстан облыстық сотымен ол ҚР ҚК 190-б. 1-б. 1-т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Биылғы жылы осындай фактілер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған және олар бойынша ұқсас сот үкімдері шығарылды",– дейді ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу